Дара Адамсың " Авторы - Асылбек Қуанышқалиев" "оқыған - Абат Нұрайым"

Views: 1
0
0
Дара адамсың Шалғай жүрсем мен сені сағынармын, Мұңайғанла қасыңнан табылармын. Мен саған жүрегімді ұсынған ем, Сен оны қуанышпен қабыл алдың. Жаралансам іздеймін өзіңнен ем. Жанымды жылытасың сөзіңменен, Көзіңнен нөсер жаңбыр тамшылатпай, Сүйемін қардай əппақ сезімменен. Жақсы көрдім тым қатты бауыр бастым, Сен барда шат күлкіден арылмаспын. Көңіліме тиетін сөз айтпадың, Өміріме ендіңде бағымды аштың. Болмысыңды басқадан бөлек дермін, Сондықтан нəзік гүлге теңеп келдім. Сен менің сезімімді елеп келдің, Мен сенің бақытыңа себепкермін. Мені ғана шынымен қалағансың, Баянды бақытыңа балағансың. Сəбидегі пəктік бар жүрегіңде, Фəнидегі мен үшін дара адамсың! Асылбек Қуанышқалиев Поэзия 2019 жылы