«Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы іске қосылды

Views: 1
0
0
Алматыда жыл басынан бері 38 мың 500-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Мамандардың айтуынша, бұл – халықты еңбекке тартуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі. Әсіресе қазір кәсіптік білім алу курстары мен жастар тәжірибесіне қатысушылардың саны артып келеді. Оған қоса жақында бұрын еш жерде еңбек етіп көрмеген жандарға арналған «Менің алғашқы жұмыс орным» жобасы іске қосылды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы мен Елбасының халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынған. Халықтың осал топтары әрдайым мемлекеттің қорғауында болады. Елімізде әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған бірнеше бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері 38 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 17 мың 500 азамат Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналасты. Диляра Иманқұлова, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: - Біз келген адамдардың ешқайсысын жұмыссыз қалдармауға тырысамыз. Мұнда күніне 200-ден аса тұрғын келеді. Тұрақты еңбекпен қ